• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 20:46:37
Алматы
+35°

Ақпарат құралдары «Украинанның әуе жолдары компаниясына тиесілі Boeing ұшағын Иран қарулы күштері абайсызда атып түсірді», деп хабарлап жатыр. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп пен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо мәлімдеме жасады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеран түбінде Украинаның Boeing ұшағының апатына техникалық ақау себеп дегенге о бастан күдіктенген. Оның «лайнерді қателесіп атып түсіруі мүмкін» деген сөзі де осыны аңғартады. 

- Менің өз болжамым бар. Бұл орны толмас үлкен қайғы. Ұшақ қауіпті аймақта кетіп бара жатқан. Кейбіреулер апатқа техникалық ақау себеп дейді. Бірақ мен бұл пікірмен келіспеймін, - дейді ол.

Ақ үй басшысы «барлығына көз жеткізу үшін Иран тарапы Boeing-тің қара жәшіктерін оқуды өзге елдерге беру керектігін айтты. «Мысалы, Францияға немесе канадалық мамандардың көмегіне сүйену керек», деп отыр.

Ал Иранның азаматтық авиация басқармасының басшысы Али Абедзаде «украиналық лайнерді Иран күштері байқаусызда атып түсірді» деген болжамды жоққа шығарып отыр. Оның айтуынша, ұшақ әуежайдан көтерілген соң 5 минуттай ұшқан. Бірақ техникалық ақауға байланысты апатқа ұшыраған. Оған экипаждың ұшақты әуежайға кері бұруға талпынысы куә дегенді айтады.

Оны Иранның өзге де мамандары қолдап отыр.

- Егер бұл ұшақ Иран зымыранымен атып түсірілді деген болжамды ұстанатын болсақ, лайнер оған тиген бомбадан жарылып, көкте быт-шыт болып шашылуы керек еді. Мұндай жағдайда оның қалдықтары көптеген шақырымға шашырауы тиіс. Ал әуе көлігінің бөлшектері шашырамағанын ескерсек, ол ақаудан өртеніп барып құлаған деп айтуға болады, - дейді Иранның бұрынғы ұшқышы Хушанг Шахбази.

Канада премьері Д.Трюдоның сөзінше, мәліметтер Boeing-ке зымыран тигенін көрсетеді.

- Қолда бар мәліметтерге қарағанда, оның ішінде біздің одақтас елдің барлау қызметтерінің ақпарлары да бар, ұшақ Иранның зымыранымен атып түсірілген. Айғақтар жер-ауа санатына жататын зымаран қолданылғанын көрсетеді, - дейді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұшақ апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір