• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
26 Қаңтар, 12:42:47
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

11 Қаңтар, 2020 NEWS

Ресми: Ирандық әскерилер украиналық лайнерді абайсызда атып түсіргенін мойындады

bbc.com

Бұл жөнінде ирандық әскерилер мәлім етті. "Украина халықаралық авиажелісінің" Боинг ұшағына Иран-АҚШ текетіресі өршіп тұрған шақта  әскери операциялар жүріп жатқан жерден ұшып бара жатқанда шабуылдаған. Әскерилер оны АҚШ нысаны екен деп қалған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі bbc таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Иран қарушы күштері бас штабы апат адами фактор себебінен болғанын, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлады.

Туиттерде жазба қалдырған Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф те апаттың АҚШ-тың авантюристік әркетінен туған саяси шиеленіс кезінде адам қателігінің кесірінен болғанын жазды.

Иран басштабының хабарлауынша, Иранның АҚШ әскери базаларына жасаған шабуылынан бірнеше сағаттан кейін америкалық әскери ұшақтардың ұшуы жиілеген. Бұл әуе күштері арасындағы қатерді арттыра түсіп, әскерилердің сезімталдығына соқтырған.

Украиналық лайнер 8 қаңтарда апатқа ұшыраған болатын. Апаттан ұшақ ішінде болған 167 жолаушы, 9 экипаж мүшесінің бәрі қаза тапқан.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір