• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:51:54
Алматы
+12°

Былтыр осы сипатта 4700-ден астам қылмыс тіркелген. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады.

ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтың айтуынша, мал ұрлығы және тонау, қарақшылық қылмыстары бойынша "тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік мекемеге, қоймаға, көлікке заңсыз кіру" жағдайы қылмыстың ауыр санатына ауыстырылған. Бұдан бөлек енді мал ұрлағандар мен малынан айырылғандар ымыраға келе алмайды. Қылмыстық кодекстің 68-ші бабына түзету енгізілген.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдулдановтың сөзінше,  бұрын татуласы арқылы бәрі шешіліп кететін. Қазір ондай қылмыс тарапынан ондай алынып тасталды. Мал ұрлығына қатысы бар кінәлі адамдарға 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.

Сондай-ақ мал тасымалы кезінде анықталатын заң бұзушылықтарға жауапкершілік қатаңдатылды. Мәселен, тасымал кезінде малдың санын дұрыс көрсетпегені үшін азаматтарға 20-дан 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Мұндай өзгерістер енгізілген жаңа заң бүгіннен, яғни қаңтардың он бірінен бастап күшіне енді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мал ұрлығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір