• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:03:03
Алматы
+35°

Ақтауда 70 жастағы әйел адам 2-қабаттан құлап қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2-қабаттан құлаған әйел адамды 5-шағынаудан, 39-үйдің артында қансырап жатқан жерінен тұрғындар көріп, таңертеңгі сағат 8.40 шамасында жедел жәрдемге хабар берген.

"Дәрігерлер сол жерде әйел адамның сол жақ білек сүйегінде жабық сынық, ұршық сүйегінің сол және оң жағына зақым келгенін анықтады. Шұғыл түрде Маңғыстау облыстық ауруханасынның қабылдау бөлмесіне жеткізілді. Өкінішке қарай, сағат 9:45 шамасында есін жимай, көз жұмды" - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Окуов. 

Ал облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әзірге бұл іс тергелуде.

"Аталған дерек Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды" - дейді облыстық полиция басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Айгерім Ибатуллаева.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір