• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:29:09
+12°

14 Қаңтар, 2020 NEWS

Назарбаевтың көмекшісі премьер болып, немере інісі ҰҚК-ні басқарады

Елбасының жуырда үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдауы осы өзгерістің алғашқы белгісі

фотоколлаж

Yvision.kz ақпарат платформасының Антон есімді авторы билік транзитінің аясында бірқатар стратегиялық маңызы бар кадрлық ауыс-түйістердің болатын жазды.

Автордың өз дереккөздеріне сүйеніп хабарлауынша, Үкімет басшысы Асқар Мамин орнын босатады. Оның жуырда ғана Елбасы қабылдауында болуы соны айғақтайды.

Маминнің орнына бұған дейін министрлер кабинетін екі мәрте басқарған, Назарбаевтың көмекшісі болғанын, бола да беретінін айтқан Кәрім Мәсімов келеді деп күтілуде. Ал Мәсімовты алмастыруға, яғни ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына Қазақстандағы ең жас генерал-лейтенант, Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш тағайындалмақ.

Puls-zko.kz сайтының авторы Дана Дүйсекенованың жазуынша, Самат Әбіштің саяси мәнсабы мұнымен тоқтамай, "КГБ" агенті болған Путин сияқты президент атанып кетуі де ғажап емес. Бұндай сценарий "келесі президент кім болады?" деген сауал төңірегінде Дариға Назарбаева сценарийімен қатар айтылып жүр.

Сондай-ақ Дана Дүйсекенова президент әкімшілігі төрағасының бұрынғы орынбасары Дархан Кәлетаевтың әзірге еш қызметке бармауын оған жасалынған ақпараттық шабуылмен байланыстырады. Автор мақаласында идеолог Дархан Кәлетаевтың "мемлекеттік" блогерлердің тұтас буынын жасақтағанын, БАҚ деңгейін көтергенін, бірнеше сәтті медиа-жобаларды іске қосқанын, Кәлетаевтың енді бір облысқа басшы немесе зейнетке кеткен Тасмағамбетовтың орнына баруы мүмкін екенін атап өткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір