• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 19:38:35
Алматы
+12°

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"14 қаңтар күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиын барысында Атырау қаласы әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы әріпестеріне ризашылығын білдіріп өз еркімен қызметтік уәкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді", - делінген әкімдік хабарламасында.

36 жастағы Құттұмұратұлы Атырау қаласы әкімі қызметін 2018 жылдың маусымынан бастап атқарған болатын. 2008 жылы мемлекеттік қызметке келген ол Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарды. Атырау облысының Жылаой және Махамбет аудандарын басқарды. 

Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құттымұратұлының өз еркімен қызметінен кетуіне байланысты Атырау қаласы әкімінің міндетін қала әкімінің орынбасары Ринат Жанғылышов атқаратын болады.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір