• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:25:06
Алматы
+35°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен бірігіп, Павлодар облысы әкімдігін тіндіген. Тергеу амалдары облыс әкімінің орынбасары Арыстан Қабикеновтың кабинетінде де жүргізілген, деп жазады ratel.kz сайты.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сеитахмет облыс басшысымен бірге күні бойы Екібастұз қаласында болып, жолдан кешке қарай келгендіктен, қолында әлдекімдердің ұсталғаны туралы деректің жоғын айтты. "Ұзынқұлақтан" жеткен әңгіме сенсек, Бакауов Екібастұзға жетіп үлгермеген немесе жеткенімен, жиналыс үстінде көмекшісімен бірге дереу Павлодарға қайтқан.

Кабинеті тінтілді делінген әкім орынбасары Арыстан Қабикенов әкімшілікте инвестициялық жобаларға жауапты болған. Қолда бар дерекке сай, ол әлдебір инвестордан пара алған. Қабикенов аталған қызметке 2019 жылғы 15 наурызда тағайындалған. Оған дейін инвестиция және даму бойынша вице-министр, премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде инвестиция бойынша кеңесші қызметтерін атқарған.

Кей дереккөздердің ақпаратына сай, облыстағы жоғары лауазымды шенеуніктерден құқық қорғау органдарының нысанасына іліккен жалғыз Қабикенов емес.

Ал облыс басшысы Болат Бакауов туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Алайда ол 23:00 шамасында өзінің инстаграмдағы парақшасына облыстағы басқармалардың бірі өткізген алқа отырысқа қатысқаны жөнінде жазба қалдырды. Осы арқылы әкім тергеуден аман екенін білдіргісі келгенге ұқсайды.

Бұған дейін Павлодар облысының әкімі Болат Бакауовтың ұсталғаны туралы ақпараттың шыққанын хабарлаған болатынбыз.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүгін индустриялық-инновациялық даму, сондай-ақ кәсіпкерлік және сауда басқармаларының алқа мәжілісі өтті. Өкінішке қарай, былтыр инвестициялық жобалардың барлығын жүзеге асыру мүмкін болмады. Инвесторлар бюджет қаражаты есебінен қажетті инфрақұрылымдар салынғаннан кейін өз міндеттемелерін орындамаған жағдайлар кездесті. Сонымен қатар, өңірде қомақты инвестиция салынып, бірақ тоқтап тұрған кәсіпорындар бар. Мәселен, Екібастұздың теміржол кластеріндегі үш кәсіпорыны тапсырыс ала алмай келеді. Осы және өзге де мәселелерді шағын және орта бизнестің, ірі компаниялардың өкілдерімен болған кездесуде талқылап, пысықтадық. Әрбір проблемада мемлекеттік органдар тарапынан кеткен кемшіліктер де бар деп ойлаймын. Біз бұл бағыттағы жұмысты жақсартатын боламыз. Осы аптада Павлодар облысының басқа да басқармаларының қатысуымен алқа мәжілісі форматындағы кездесулерді жалғастыратын боламыз. Сегодня прошла коллегия управлений индустриально-инновационного развития и предпринимательства и торговли. К сожалению, не все инвестиционные проекты удалось реализовать в прошлом году. Есть случаи, когда инвесторы не выполняют свои обязательства после строительства необходимой инфраструктуры, выполненного за счёт бюджета. Кроме того, в регионе есть простаивающие предприятия, в которые были вложены большие инвестиции. Например, три предприятия железнодорожного кластера в Экибастузе не получают заказы. ⠀ Эти и другие вопросы мы обсудили во время встречи с представителями крупных компаний и малого и среднего бизнеса. Думаю, что в каждой проблеме есть и недоработка государственных органов. Мы будем стараться улучшать эту работу. ⠀ На этой неделе мы обязательно продолжим встречи в формате коллегий с участием других управлений Павлодарской области.

Публикация от Bulat BAKAUOV (@bbakauov)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір