• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
23 Қаңтар, 08:13:19
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Қаңтар, 2020 Оқиғалар

Испания виллаларының бірінен қазақстандық бизнесменнің мәйіті табылды

Фото ашық дерекөздерден алынды.

Испанияда Славакияның Алматыдағы экс-консулы, бизнесмен Марат Сабалақовтың өлі денесі табылды. Бұл туралы  испанияның Diarioinformacion.com және El Dia басылымдары жазды. 

Олардың жазуынша, бизнесменнің денесі Испаниядағы виллалардың бірінің аумағындағы бақтан табылған. БАҚ ер адам бұрын ауырғанын атап өтті.

Бастапқыда зорлықпен өлтірген деген болжам жасалды, өйткені мәйіттің жанынан ғана емес, үйден де қан іздері табылған. Дегенмен Сабалақов денсаулығына байланысты есінен танып құлап, басын жарып алуы әбден мүмкін, деп жазды жергілікті басылым. 

Сабалақовтың өліміне не себеп болғанын анықтау үшін оның денесі Аликанте қаласында орналасқан Заң медицинасы институтына жолданды. Онда мамандар мәйітті ашып, бірнеше сараптама жүргізеді.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі елдегі БАҚ-тарға Сабалақовтың өліміне қатысты "Испания полициясы Қазақстан азаматы қайтыс болғанын хабарлады. Қазір консул барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына аттанып кетті" деп түсініктеме берген. 

53 жастағы Марат Сабалақов AS Invest Group компаниясының президенті болған. 2015 жылдың қараша айында Сабалақов Словакияның Алматыдағы құрметті консулы қызметіне тағайындалды.


 

Ілмек сөздер: Марат Сабалақов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір