18 Қаңтар, 2020 NEWS
ҚазАқпарат
Павлодар облысы әкіміне қатысты мұндай шешімді Павлодар мамандандырылған тергеу сотында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бақауовты екі айға қамауға алу шарасы санкциялансын. Қамауда ұстау мерзімі ұсталған уақытынан бастап есептелсін», деді мәжіліс барысында судья Балтабай Дүнбекбаев.
Болат Бақауовқа Қазақстанның Қылмыстық Кодексінің 362 бабы 4-ші бөлігі үшінші пункті бойынша қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отыр. Аталмыш баптар өзіне және өзге азаматтар мен ұйым үшін пайда табу мақсатында қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дегенді білдіреді.
Мұндай қылмыс жасағаны үшін мал-мүлкі тәркіленіп, 5-тен 10 жылға дейін сотталады және қандай да бір лауазымды атқаруға тыйым салынады.
Прокурор Рустам Сәдуақасов соттан Болат Бақауовты екі айға немесе 16 наурызға дейін қамауда ұстауды сұрады. Себебі ол бостандықта жазадан қашуы болмаса тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін.
Өз кезегінде Болат Бақауов өзіне тағылып отырған айыппен келіспейтінін айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір