• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:28:41
Алматы
+35°

Қазақстанда мал экспортына тыйым салынды. Бұл туралы бүгін, 20 қаңтарда елдің ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. 

Министрліктің мәлімдеуінше, мал экспортына тыйым салуға ет бағасының қымбаттауы себеп болған.

- Малдың жаппай экспортталуы ет бағасын өсірді. Шикізат тапшылығынан Қазақстанның ет кәсіпорындары мен бордақылау алаңдары толық жұмыс істей алмады. Олардың толық жұмыс істемеуінің негізгі себебі малдың жаппай экспортының салдарынан шикізат тапшылығы болды, - делінген министрлік хабарламасында. 

 

Министрліктің мәліметінше, өткен жылы Қазақстаннан шетелге 156 мың бас ірі қара мал шығарылды. Олардың басым көпшілігі – 78 пайызы Өзбекстанға, 14 пайызы Арменияға экспортталған.

Ал ұсақ малдардан елден 264 мың бас қой шығарылған, оның жартысынан астамы аналық бас. Ұсақ малдың басым бөлігі, яғни 200 мыңнан астамы (76%) Өзбекстанға, 21,5 мың бас (8,1%) Ресейге, 18 мың бас (6,7%) Әзербайжанға және шамамен 12 мың бас (4,5%) Иранға тасымалданған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал экспортына тыйымды агро өнеркәсіп кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен байланыстырады. Бұл бағдарлама бойынша қайта өңделген өнім экспорты 2,5 есеге ұлғаюы тиіс.

Қазақстанда 2019 жылы 21 қазанда да мал экспорттауға шектеу қою туралы бұйырық шыққан. Ол кезде тек аналық мал басын экспорттауға уақытша тыйым салынған еді. Министрліктің хабарлауынша, сол шектеу құжатына жаңа өзгерістер еніп,  енді барлық ірі қара және ұсақ малдар жасы мен жынысына қарамастан шетелге тасымалданбайды. 

"Аталған бұйрыққа өзгерістер енгізу таяу жылдары Қазақстанда мал басын сақтап, ұлғайтуға, отандық ет комбинаттарын қолайлы бағамен, сапалы шикізатпен қамтамасыз етуге және дайын өңделген өнімнің өндірісі мен экспортын арттыруға мүмкіндік береді" дейді ауыл шаруашылығы министрлігі.



"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мал экспорты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір