• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:30:26
Алматы
+35°

Нұрсұлтан Төленұлы үздік 300 жастың қатарында мемлекет басшысымен кездесуде болып, президенттік жастар резервіне алынған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметінің өкілі Айдос Садуақасов хабарлады. 

"Бүгін сіздерге тағы бір қуанышты жаңалықты хабарлағалы отырмын.
Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісіміне және Жоғарғы сот төрағасының өкіміне сәйкес Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов Жоғарғы сот аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Н.Байтілесов 1991 жылы туған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетін «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының магистрі.

2009 жылдан бастап Астана қаласы Алматы аудандық сотының жетекші маманы, бас маман-сот отырысының хатшысы, сот приставы, бас маманы, Атырау, Павлодар облыстық соттарының кеңсесі басшысының орынбасары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас консультанты болып қызмет атқарған.
2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін – Әскери сот әкімшісінің басшысы, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Осы тағайындауға дейін Шымкент қаласының Соттар әкімшісінің басшысы болды.

Мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өтіп, нәтижесінде Жоғарғы Сот аппаратының басшылығына келген әріптесіміз Нұрсұлтан Төленұлына осы қызметте абырой мен сәттілік тілейміз! Бойындағы бар білімі мен тәжірибесін сот жүйесін одан әрі дамытуға жұмсайды деп сенеміз!", - деп жазды Айдос Садуақасов. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір