• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:21:09
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2020 NEWS

Бердібек Сапарбаев: "Зейнетақы жинақтарын пайдалану ұсынысына қолдау білдірілді"

Тұрғын үй сатып алу және қымбат тұратын емге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану ұсынысына қолдау білдірілді.Енді ол үшін қосымша есептеулер жүргізілмек.

Фото: ашық ақпарат көздерінен

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс тобының кезекті отырысында айтылды деп хабарлайды "Qamshy.kz" ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтының дерегін негізге алып.

Кездесуде әуелі зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесі қаралды.

«Жалпы, Мемлекет басшысы жұмыс тобының ұсыныстарын қолдады. Енді Президенттің тапсырмаларын ескерумен біздің жұмысымызды жалғастыру қажет, оның ішінде зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртуды жеделдету, әкімшілік шығындарды қысқарту, ең төменгі жалақы көлемін және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесін пысықтау керек», – деді Б. Сапарбаев.

"Тиімділігін арттыру" демекші, Премьер-Министрінің орынбасары төрт көз түгел жиналған басқосуда зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану бастамасы бойынша да тоқталып өтті: 

«Тұрғын үй сатып алу және қымбат тұратын емге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану ұсынысына қолдау білдірілді. Бұл құқықты пайдалана алатын азаматтарды кезең-кезеңмен қамтуды арттыруды ескерумен қосымша есептеулер жүргізу қажет», – деді Бердібек Мәшбекұлы.

Атап өтелік, жиынға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, «First Heartland Jysan Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Болат Жәмішев, ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшілері Тамара Дүйсенова және Олжас Құдайбергенов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысқан.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір