• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
17 Ақпан, 23:01:38
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

25 Қаңтар, 2020 NEWS

Bek Air ұшақтарындағы адам шошырлық жағдай туралы: "Өз әуе кемемде мұндайды көргім келмейді"

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Air компаниясының әуе кемелерін тексеру барысында инспекторлар түсірген суреттер топтамасын ұсынды. Британиялық инспекторлар қортынды да шығарған.

Тексеріс қорытындысы бойынша, ұшақтардың қозғалтқышынан май аққаны, әйнектердің қатпарлануы, конструкцияны қорғау үшін скотч қолданылғаны және дөңгелектердің тозғаны анықталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайты дерегіне  сүйене отырып.

Нақтырақ айтқанда, әуе кемелерін тексергеннен кейінгі британиялық инспекторлар шығарған қорытынды мен суреттерін Қазақстан авиациялық әкімшілігінің ұшу қауіпсіздігі департаментінің басшысы Линда Орледи брифингте таныстырған.

"Ұшақтың алдыңғы жағы зақымданған. Мәселе оның артында радардың тұрғанында. Әуе кемесінің бортында орнатылған радардың дұрыс жұмыс істеуі үшін жағдайдың жасалуы өте маңызды", - деп түсіндірді ол. "Екі қозғалтқышта да идентификациялық тақтайшалар жоқ. Бұл өте маңызды ескерту. Олар міндетті түрде болуы керек. Bek Air ұшақтарының 50 пайызында екі қозғалтқышта да идентификациялық тақтайшалар жоқ. Бұл өте қауіпті белгі", - деді Орледи.

Екі қозғалтқышта да идентификациялық тақтайшалар жоқ Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/skotch-jabyistyiryilgan-jane-may-akkan-bek-air-304502/ Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

"Мұнда майдың аққаны көрінеді. Мен, ұшқыш ретінде, өз әуе кемемде мұндайды көргім келмейді. Сондай-ақ, техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер ондайды байқаса, кейін қай күні, қанша сұйықтық жоғалғанын қадағалау маңызды. Біз майдың аққаны тіркелген бірде-бір тізілімді таба алмадық. Инспекторлар әрбір Bek Air ұшағының астынан осындай кемшіліктер тапты", - деді Орледи.Май аққан жерлер

 Маманның айтуынша, барлық ұшаққа металл скотч жабыстырылған. Әуе кемесінде скотч қолдануға болады, бірақ бұл арнайы скотч болуы тиіс және оны пайдалану дерегі жазбаша бекітілуі керек. Ол бойынша ешқандай құжат табылмаған.

барлық ұшаққа металл скотч жабыстырылған

"Ұшқыштар кабинасы көп қабатты әйнекпен қорғалуы тиіс. Мұнда пилоттар кабинасының сол терезенің әйнегі қатпарланып кеткенін көресіз", - дейді Қазақстан авиациялық әкімшілігінің ұшу қауіпсіздігі департаментінің басшысы.
пилоттар кабинасының сол терезенің әйнегі қатпарланып кеткен

Сонымен бірге, Bek Air ұшақтарының жүк салатын жеріндегі панельдерде өртке қарсы таспалары жоқ болып шыққан. Бар деген жағдайда да нашар екені анықталған. Сондай-ақ,  дөңгелектері де тозған.  

Дөңгелектер тозған

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір