25 Қаңтар, 2020 Оқиғалар

Түркияда жер сілкініп, 18 адам қаза тапты (видео)

Ашық дереккөзден

Кеше, 24 қаңтарда Түркия шығысындағы Элязыг провинциясында қатты жер сілкініп, кемінде 18 адам қаза болды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, кемінде жүздеген адам жарақаттанып, тұрғын үйлер мен ғимараттар қираған. 

Түркияның төтенше жағдай жөніндегі агенттігі 6,8 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентр ошағы Сивридж қаласындағы ауданда орналасқанын хабарлады. Жер қатты сілкінгеннен кейін афтершок болған. Элязыг провинциясында 13 адам көз жұмған, көрші Малатья провинциясында бес адам өлген. Екі провинцияның әкімшілігі 225 адамның жарақат алғанын хабарлады.

Ал Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу ауданға құтқарушылар тобын жібергенін айтты. Қираған үйінділер астынан адамдарды іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Сойлудың сөзінше, 533 адам жарақаттанған.

 

 

 

Ілмек сөздер: Түкия жер сілкінісі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір