• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:29:20
Алматы
+35°

Түркияның Элязыг провинциясындағы жойқын жер сілкінісінен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Түркия тарапының алдын ала мәліметі бойынша, жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ" деп жазды Смадияров Telegram каналында. 

24 қаңтарда Түркияның шығысындағы Элязыг провинциясында қатты жер сілкініп, кемінде 18 адам қаза болып, жүздеген адам жарақаттанғаны хабарланды. Жер сілкінісінің салдарына тұрғын үйлер мен ғимараттар қираған. Соңғы мәлімет бойынша, көз жұмғандар саны 22-ге жеткен. Түркия ішкі істер министрі Сулейман Сойлу Малатья түрік провинциясында 4 адам, Элязыг провинциясында 18 адам көз жұмғанын айтты. Сойлудың мәліметінше, 39 адам үйінді астынан шығарылды.

Түркияның төтенше жағдай агенттігінің хабарлауынша, 6,8 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентр ошағы Сивридж қаласына жақын маңда орналасқан. Одан бөлек, көрші провинцияларда, Иран, Сирия, Ливанда жер тербелісі сезілген.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жер сілкінісі Түркия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір