• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:27:11
+35°
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар 80 адамға жетті. Ал дертке шалдыққандардың жалпы саны – 2744. Бұл туралы РИА новости хабарлады.
 
Бұған дейін  вирустың жаңа түріне 1975 адам шалдығып, 5 адамның көз жұмғаны хабарланған.
 
Қытай билігінің мәліметінше, 461 адамның жағдайы ауыр. Сырқатқа шалдыққан 51 адам ауруханадан шығарылған. Вирус жұқтырғандардың ықтималды саны 5794 адамға жеткен. 

Вирус ошағы – Хубэй провинциясында аурудан 76 адам көз жұмған, сырқаттанғандар – 1423 адам.

Коронавирустың белгілері: қызу көтерілу, жөтел, тыныс алудың қиындауы, қалтырау.

Бүгінде вирустың жаңа түрі Қытайдан бөлек Корея республикасы, Жапония, АҚШ, Таиланд, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия және Малайзия елдерінен табылып отыр. Қазақстанда коронавирустың белгілері тіркелген жоқ..

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір