• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
20 Ақпан, 10:44:48
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

27 Қаңтар, 2020 Спорт

Ла лига: "Реал" былтырғы чемпионнан озып кетті

Ашық дереккөзден

Футболдан Испания чемпионатының 22-турынан кейін Мадридтің "Реалы" турнир кестесінде көш бастады. Бұған дейін каталониялық "Барселонадан" қалып келе жатқан мадридтік клуб жексенбі күні 22 турда сырт алаңда "Вальядолид" клубын 0-1 есебімен жеңіп, Барселонадан үш ұпайға озып кетті. "Хосе Соррилья" стадионында өткен ойын тартысқа толы болды. Алғашқы таймда таблодағы есеп өзгермегенімен, ойынның екінші жартысында матч  толықтай алаң қонақтарының басымдылығымен өтті. Реал сапынан  ойынның 78 минутында қорғаушы Хосе Игнасио Начо Тони Кроостың әуелете асырған добына бірінші жетіп, қарсылас қақпасын дәл көздеді. Начоның голынан кейін  қос тарап алма кезек шабуылдағанымен, есеп өзгеріссіз қалды.

Ал 22 турда Реалдың басты қарсыласы Барселона "Месталья" стадионында жергілікті "Валенсия" клубымен кездесіп, 0-2 есебімен есе жіберді. Каталониялық клубтың соңғы ойындағы сәтсіздігі мадридтік клубтың турнир кестесінде алғашқы орынға шығуына өз септігін тигізді.

Футбол жанкүйерлерін Испания чемпионатының кезекті турында тартысқа толы дерби күтіп тұр.  Алғашқы орындағы "Реал Мадрид" тағы бір мадридтік ұжым  "Атлетикомен" ойнайды.  Ал Реалдың басты қарсыласы "Барселонаны"  алдағы турда  "Леванте" клубымен  ойнамақ.

Дайындаған: Ғалымжан Тәкін

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір