• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
20 Ақпан, 11:18:16
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

28 Қаңтар, 2020 Спорт

"Канело" қыркүйекте Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуы мүмкін

Ашық дереккөз

Екінші орта салмақта WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Каллум Смиттің (27-0, 19 КО) бапкері Джо Галлахер сұхбаттарының бірінде мексикалық Сауль Альваресті (53-1-2, 36 КО) сынға алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Бұған дейін Альварестің жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасатыны хабарланған. Тараптар 2 мамырда Жапонияда жекпе-жек өткізуге келіссөз жүргізіп жатыр.  "Канело" Мейвезердің істегенін қайталап жатыр - өзіне ұнайтындармен жұдырықтасып жүр, қалғандары оның қалауын ғана орындайды.

"Егер "Канело" Муратаны таңдаса, Каллумның көңілі қалады. Билли Джо Сондерс те сол. Бәрі де өз алтын билетін күткен, бірақ ол Муратаның қолына түсті. Мұны Мексикада жақсы қабылдайды деп ойламаймын. Лиам екеуіміз сонда болғанбыз, сол кезде бәрі "Канелоның" Смитпен жұдырықтасқанын қалап жатқан еді. Тіпті, Аризондағы мексикалықтар "Канело" - Каллум жекпе-жегін көргісі келген. Бірақ қыркүйекте оған Каллум не Головкинмен жұдырықтасуы керек болады", - деді Галлахер. 

Айта кетейік, DAZN стриминг сервисі "Канело" мен қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) жекпе-жегін қыркүйекте өткізуді қалап отыр, сондықтан сервис мексикалық боксшыны мамырда Муратамен кездестірмек.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір