• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:07:40
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайдан және іргелес мемлекеттерден келген қазақстандықтардан дәрігермен байланысып, емханаға қаралуды сұрады,  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі үкіметтің баспасөз конференциясында айтты. 

"Соңғы 14 күнде Қытай Халық Республикасынан және соған іргелес мемлекеттерден келген қазақстандықтарға өзінің емханасына келіп не хабарласып, қандай да бір ауруға шалдыққан болса өз дәрігеріне тіркеуге тұру керегін айтқым келеді. Бұл сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жасап отырған шара, біздің медициналық мамандар бақылау жүргізуі үшін. Денсаулық нашарлаған жағдайда, біз шара қолданып, сізді және отбасыңыздың мүшелерін қауіпсіз етуіміз керек. Біз сіздерге әрдайым хабарласа бере алмаймыз", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір