• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:19:53
Алматы
+35°

2021-2022 жылдары елдегі 885 ауылға кең жолақты интернет тартылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі департаментінің директоры Гүлнар Бөкеева мәлімдеді.

Оның айтуынша, елде жалпыға бірдей декларациялауды енгізу кезінде кең жолақты интернетке қолжетімдікті қамтамасыз ету маңызды. Қазіргі уақытта кең жолақты интернет барлық ірі қалаларда, облыс орталықтарында, сондай-ақ аудан орталықтары мен 3 324 ауылдық (халық саны 250 адамнан астам) елдімекенде қамтылған. Бұл 16 миллионға жуық адамды яғни халықтың 90 пайызын кең жолақты интернетпен қамтуға мүмкіндік берді.

Интернетпен қамтамасыз етуде ауылдық елді мекендерде қиындықтар бар екенін ескере отырып, осыларды еңсеру мақсатында екі жоба іске асырылуда деп атап өтті. 

Бірінші жоба – талшықты-оптикалық байланыс технологиясы бойынша елді мекендерді кең жолақты интернетке қосу. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жүзеге асырылуда. Үш жылда салынған талшықты-оптикалық желі 20 мың шақырымнан асады.

2019 жылы интернетке 494 ауылдық елді мекенде орналасқан 1 470 мемлекеттік орган мен бюжеттік ұйым қосылды. 2020 жылы 769 ауылдағы меморгандар мен бюджеттік ұйымдарды қамту жоспарланып отыр.

Екінші жобада төртінші буындағы ұялы байланыс желілерін салып, ауылдарда басқа да технологияларды енгізу қарастырылуда. Бұл жоба 2020-2022 жылдар аралығында іске асырылады. Осы жобаның нәтижесінде 880 ауылдық елді мекен қамтамасыз етіледі. Осы арқылы халықтың 93 пайызы интернетпен қамтылады.

"2022 жылдың соңына қарай кең жолақты интернетпен 5 мыңға жуық ауылды елді мекен қамтылады. Нәтижесінде, біз 18 миллионға жуық адамға немесе халықтың 97 пайызына интернет қолжетімді болады. Қалған үш пайызы спутниктік байланысты пайдаланудың техникалық мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі", – деді департамент басшысы.

 



 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір