• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:05:38
Алматы
+35°

28 Қаңтар, 2020 NEWS

Ақмола облысында қар тазалайтын көлік өртенді (видео)

Әлеуметтік желілерде қар тазалаушы көліктің өртеніп жатқан видеосы таралуда

видеодан скриншот

Өрттің шығуына сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан дерегін негізге алып.

Әлеуметтік желі қолданушылары көлік боранды күндердегі үлкен жүктемеге шыдас бермеген болуы мүмкін деп топшылауда.

Ақмола облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 28 қаңтар күні түскі уақытта Ақмола облысы Шортанды ауданында Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолынан 44 шақырым жердегі Бозайғыр ауылының маңында болған.

Супра маркалы көліктің «КазАвтоЖол» ұлттық компаниясына тиесілі екендігі анықталды.

Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру қорытындысы бойынша көліктің өртенуіне сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған. Өрттен көліктің кабинасы мен қозғалтқышына зақым келген.

39 жастағы көлік жүргізуші дін-аман.

Аяулым Шопан

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Снегоуборочная машина загорелась на дороге в Шортандинском районе. Транспортное средство загорелось 28 января примерно в обеденное время на 44-м километре автодороги "Нур-Султан - Петропавловск" вблизи села Бозайгыр. Техника, которая принадлежит нацкомпании "КазАвтоЖол", по-видимому, не выдержала колоссальной нагрузки в эти буранные дни. "Полиция провела проверку. Установлено, что причиной возгорания стало замыкание электропроводки. В результате оказались повреждены кабина и двигатель транспортного средства", - сообщили в пресс-службе департамента полиции. 39-летний водитель машины не пострадал.

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: өрт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір