• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:54:02
Алматы
+35°

Бүгін, 29 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрларды өзгертті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Президент өкімімен Ермек Көшербаев сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылып, Қазақсатанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды. Ақорда оның бұрынғы қызметіне кім тағайындалғанын әлі хабарламады. 

Бұдан бөлек Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Малайзиядағы елшісі Болат Иманбаев Қазақстанның Бруней-Даруссаламдағы елшісі қызметін қоса атқаратын болды.

Ал Қазақстанның Швейцариядағы елшісі Әлібек Бақаев Қазақстанның Лихтенштейндегі, Ватикандағы, Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның егеменді әскери госпитальерлері орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір