• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:23:00
Алматы
+35°

Жапон азаматтары мінген алғашқы ұшақ Токиоға келіп жетті, – деп хабарлайды Qamshy.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Ұшақтағы дәрігерлер дене температурасын тексеретін құрылғылармен жабдықталған. Ауру белгілері бар-жоғына қарамастан, арнайы автобустардағы барлық жолаушылар талдау жасау үшін ауруханаға жіберілді. Токиодағы Ханеда әуежайына келген екі жолаушы бұл жағдайға наразылықтарын білдірді.

Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон Қытайдың Ухань қаласында болған аустралиялықтар Рождество аралына жіберіліп жатыр, оларға карантин жарияланады, – деп хабарлайды жергілікті 9News телеарнасы.

– Біз сол жерде болған аустралиялықтармен жұмыс жасаймыз және оқшауланған адамдардың жеке басын анықтау процесін жүргізуге тиіспіз. Менің басты міндетім –  аустралиялықтардың қауіпсіздігі, – деді премьер-министр.

Оның сөзінше, Уханьнан келген аустралиялықтардың аралда жаңа коронавирусты жұқтырмағаны анықталғанға дейін екі апта кетеді.

Аустралиядағы ең ірі Qantas Airways әуекомпаниясы Уханьнан азаматтарды эвакуациялауға өз көмегін ұсынған.

2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдің орталық бөлігінде орналасқан Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлады. Мамандар аурудың қоздырғышын анықтады, бұл –  2019-nCoV коронавирусы.

ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қытайда коронавирустың жаңа түрінен туындаған пневмониямен ауыратын адамдардың жалпы саны 5974 адамға жетсе, олардың 132-і қайтыс болды.

Құрлықтан тыс жерлерде Гонконг, Макао, Тайвань, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия және Германияда инфекция жұқтырғандар тіркелді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір