• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:56:19
+12°

29 Қаңтар, 2020 NEWS

Елорданың коммуналдық қызметкерлеріне сыйақы берілмек

Мұндай шешім елорда әкімдігінде қабылданды, деп хабарлады «Хабар» телеарнасы.

astana.gov.kz

"Көріп отырғандарыңыздай, біздің қызметтік топ тынымсыз еңбек етуде. Сондықтан біз қарлы боран кезінде үш ауысымдық режимде жұмыс атқарған коммуналдық қызметкерлерге сыйақы береміз деп шештік, – деді Көлгінов.

Әкімнің сөзінше, елордада қар тазалау жұмыстарына 1,7 мыңға жуық коммуналдық қызмет өкілі мен 1,5 мыңға жуық қар тазалағыш техника жұмылдырылған.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, қаңтардың  28-інен 29-на қараған түні қаладан 29 мың текше метрге жуық қар шығарылған. Бұл үшін коммуналдық қызметкерлерге 2,4 мыңға жуық рейс жасауға тура келді.

"Әрбір істің артында коммуналдық қызметкерлердің орасан зор еңбегі жатыр. Бірақ әлі де қар азаяр емес. Тазалағаннан кейін 15 минут ішінде ол жерді қайта тазалауға тура келеді. Дегенмен біз жұмыс жасауды тоқтатпаймыз, – деді елорда әкімі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коммуналдық қызмет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір