• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:21:31
Алматы
+35°

Әлеуметтік желілерде коронавирусқа байланысты көптеген ақпараттар тарап жатыр. Оның ішінде жалған ақпараттар да кездеседі. Осы тұста Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп қауіпті індет туралы жалған ақпарат таратпауды сұрады. 

«Қорқыныш тудыратын хабар таратуды тоқтатыңыздар. Олардың бәрі қауесетке толы екенін тағы да ескертеміз. Адамдарды шатастыру жақсылыққа апармайды. Сондықтан да ресми ақпараттарға ғана сүйеніңіздер. Халықаралық ұйымдар коронавирус туралы 200-ге жуық жалған ақпаратты тіркеді. Қауесеттер мен жалған ақпараттарды талдай отырып, олардың шындыққа жанаспайтынын айқын дәлелдеген журналистер мен блогерлерге алғысымызды білдіреміз», – деді Ахметшәріп брифингте.

Сондай-ақ, ол денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалғанын айтып, күнделікті жағдайды халыққа түсіндіріп отыратынын мәлімдеді. Желі қолданушылар мен БАҚ өкілдерінен жалған ақпарат таратпауға шақырды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір