• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
21 Ақпан, 12:54:41
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

05 Ақпан, 2020 NEWS

Қытайда короновирустан қайтыс болғандар 490 адамға жетті

m.azh.kz/ru

Коронавирус қытайда күннен-күнге қайтыс болғандар саны көбейіп жатыр. Соңғы ресми мәліметтерге сүйенсек, көз жұмғандар саны 490-ға жетсе,  ал оның 24 324 адамнан вирус белгілері табылған. Хубей провинциясында бір тәуліктің ішінде 65 адам көз жұмған. Бұл туралы Аzattyq хабарлайды. 

Коронавирустың жылдам таралуына байланысты қытайлықтар үйлерінен шықпауға міндеттелді және олардың көбі Хубей провинциясында тұрады. Қазір карантин шарасы 50 миллионнан астам адамды қамтыды. Сонымен қатар, қытайдан тыс елді аймақтарда тұратын адамдардан 176 вирус белгілері табылған. Дәрігерлер вирустың адамнан адамға жұғатынын растады.

Ресей мен АҚШ және өзге бірқатар мемлекеттер өз азаматтарына Қытайға баруға тыйым салды және әуе ұшақтарын тоқтатты.

Вирус Хубей провинциясының орталығы Уханьдағы теңіз өнімдері базарынан тараған деп айтылады. Кейбір ақпарат құралдарының жазуынша, базар 1 қаңтарда жабылғанға дейін онда теңіз өнімдері ғана емес, жарқанат, тауық, қоян мен жылан заңсыз саудаланып келген.

"Вирусты жұқтыру оқиғаларының 99 пайызы - Қытайда тіркелген. Қытайдан тыс елде 176 жағдай расталды. Жағдай ушығуы мүмкін. Бірақ біздің әрекет етуге мүмкіндігіміз бар" деді 4 ақпанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус.

Ілмек сөздер: коронавирус індеті

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір