• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:42:58
Алматы
+12°

Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласының әкімі Ермак Салимовқа Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шараларды шетелдік сарапшылардың көмегінсіз сапалы түрде ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Семейге тарихи орталық мәртебесін беру үшін мұражайлардың сапасын жақсарту керек. Туристер мен келушілердің көңілінен шығатындай мемориалды  көне жабдықтармен қамтылуы тиіс,  деп өз сөзін толықтырды мемлекет басшысы.

Президент Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі шаралардың орындалуы туралы әкімнің есебін тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ермак Салимовтың назарын еріктілер қозғалысымен бірге «Семей Орманы» резерватына ағаш отырғызуды қамтамасыз ету және жастарды осы акцияға қатысуға тарту қажет екенін ескертті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Абая 175 жыл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір