• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:07:05
Алматы
+35°

Қазіргі таңда әлеуметтік желіде лотереямен ұтыс  ойнататындар көбейіп кетті. Олардың әрекетінің қаншалықты заңды екенін мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтып берді. 

Министрдің айтуынша, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасында бар.

Лотерея операторынсыз (Операторы "Сәтті жұлдыз" АҚ), оператордың лотерея ойнату туралы келісімінсіз жүзеге асырылған кез келген ойындар заңсыз деп саналады және ол лотерея деп саналмайды,  деді ол.

Әлеуметтік желіде оқырманы көп блогер, әртістер мен өзге де танымал адамдар лотореяны көп жарнамалайтын болған. Министрдің сөзінше, олар мұнысы үшін жауапқа тартылады.

Сонымен бірге, министр лотереяның белгілерін айтып берді.

– Егер лотереяның операторы болса және оған ақша салатын лотерея қатысушысы болса – бұл лотереяның негізгі белгісі. Ол ақша жинақталып, аппараттық кешенде ойнатылады және ол ақшаны біреу ұтып алады. Егер мұндай белгілер болмаса, ол лотерея деп танылмайды, – деді Райымқұлова.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: лотерея ойыны

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір