• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
21 Ақпан, 12:10:34
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

05 Ақпан, 2020 NEWS

Өмірзақ Шөкеев: Түркістан – Елбасының жобасы

shymkenttv.kz

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың халықпен есеп беру кездесуі өтті. Жиында аймақ басшысы облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң баға беріп, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.  Бұл туралы Тengrinews хабарлайды. 

Біріншіден, Түркістанға тарихи мәртебе беру  бұл «Елбасы» жобасы екенін есте ұстауымыз керек, сондықтан тарихи қаланың сәулеттік келбетін сақтау үшін біз оның дамуының үш негізгі бағытына тоқтадық. Үш аймақтың бірі  тарихи-мәдени аймақ, екіншісі  әкімшілік және іскерлік орталық, үшіншісі  ескі қаланы модернизациялау,  деді Шүкеев. 

Аймақ басшысының айтуынша, Түркістанды дамытудың маңызды мәселелерінің бірі  бұл қала тұрғындарын табиғи газ және кәрізбен 100% қамтамасыз ету. Тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету арқылы қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға болады. Ыстық жазда климатты жақсарту үшін қалада жасыл белдеу мен суландыруды дамыту қажет. 

Сондай-ақ жыл сайын қалада тұрғын үйге сұраныстың артып келе жатқанын атап өтті. 

Біз тұрғын үйлердің сыртқы келбеті мен сапасына үлкен мән береміз, тұрғын үйлерге коммуналдық инфрақұрылымды (абаттандыру, газ, су, кәріз, электр, жылу, байланыс және т.б.) жеткізу керек. Басты мақсат  қаланы өзгерту Түркістан  бұл тұрғындар мен қонақтар үшін ыңғайлы, қауіпсіз, таза және тартымды орталық,  деді ол.

Айта кету керек, бүгінде әкімшілік-іскерлік орталықта жалпы ауданы 575,8 мың шаршы метр болатын 156 көп пәтерлі үй немесе 7459 пәтер салынуда. 2019 жылдың соңында 32 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 1 701 пәтер пайдалануға берілді. Сонымен қатар, өткен жылы қалада 100 көше төселген болатын, биыл облыс орталығының тағы 100 көшесінің жолдарына асфальт төселетін болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір