• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:03:46
Алматы
+35°

Қытайды жаулап алған коронавирус тағы бір әлеуметтік проблеманы тудырды. Дерттің ошағына айналған Ухань қаласының тұрғындары 31 желтоқсаннан бастап өзге аймаққа көшірілген кезде үй жануарларын тастап кеткен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап.

1-2 күннен кейін үйге ораламыз деп ойлаған уханьдықтар осыған дейін өз үйлеріне оралмаған. Соның салдарынан үй жануарлары, оның ішінде ит пен мысықтар аштықтан қырылуда. Ухань билігі 23 қаңтарда жариялаған карантиннен қала ауыстырған тұрғындардың үйге оралмау себептерінен, жалғыз қалған ит пен мысықтар аштықтан жаппай қырылуда. Олардың саны миллионға жуықтаған.

Биыл біз бәріміз бұрын-соңды ойламаған қауіпті дертке душар болып, өте қиын сәттермен бетпе-бет келдік. Тіпті бұның зияны үй жануарларына да тиіп жатыр,  деді курьер қытайлық интернет-қауымдастықтардың біріне.

Пекин, Тяньцзинь және Шанхай сияқты бірқатар қалаларда жергілікті билік органдары "қаңғыбас иттер коронавирусты жұқтыруы мүмкін" деп қауіптеніп, оларды жою туралы бұйрық берген. Алайда біз мұндай жағдайлар туралы әлі нақты ештеңе білмейміз,  деді "Human Society International" қайырымдылық қорының көмекшісі Венди Хиггинс.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір