• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:40:23
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2020 NEWS

11 баласы қарайласпай кеткен ата-ана әкімдікке көз жасын көл етіп келді (видео)

Әкімдікте ағыл-тегіл болып жылап отырған бұл қос қарияға бір емес, тұп-тура 11 баласы қарайласпай кеткен. Қайраты кеткенде қамқоршысыз қалған ата-ана енді елден көмек сұрауға мәжбүр.

Фото: sn.kz

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай әуелі Маржан Рақай есімді желі қолданушы facebook парақшасына Тараз қаласының әкімінен көмек сұрай келген көпбалалы ата-ананың видеосын жариялаған. 

«Қариясын қарамай, қалдырып, қаңғытып кеткен қазақтар. 11 бала туып, өсіріп, қанаттандырған қарттар бұл! «Бірі әкім, бірі президент болады деп, ешқайсысының бетінен қақпай өсірдім», – деп егіледі кейуана. «Біреуіне де қол көтеріп, тәйт демедім», – деп езіледі қария.

Осы ретте, видео авторы келеңсіз жәйітті көріп жүрегі жұлынып кетердей болғанын айтады:

"Бұл не сұмдық болды, Аллам-ай?! 11 балаң бола тұра, осы жасқа келгенде қараусыз қалған деген қандай қорқынышты, қандай қасірет еді... Қазақ мұндай болмаса керек-ті... Кім болып кеттік, қайда барамыз? Осы қарттардың көз жасы, наласы жібере ме бізді, көгерте ме ұрпағын? Бірін-бірі сүйрелей, бірін-бірі демеп, Тараз қаласының әкімінен көмек сұрай келіпті. Қайтсін енді?.. Көз жасын тыя алмай отырған кемпірінің бетінен сүртіп, «Жыламашы, жаным! 18 жасында қолыма қондырған аққуым ғой»,  деп жұбатып қояды ата. Кешіріңіздерші бізді. Біз сондай тасбауыр болып барамыз... Жәніім апа-ай...» деп жазды Маржан Рақай.

Жазба астына пікір қалдырған көпшіліктің ашу-ызаға толы сөздері толастар емес. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген он бір баланың опасыздығы желі қолданушылардың жиіркенішін туғызды.

Олардың бірі «Өкінішті, өте өкінішті! Сонда анау ұл-қыздары қалай ел-жұрттың көзіне қарайды екен? Қалай мына қара жердің үстінде табан тіліп жүр екен?» десе, енді біреулері «Ит екен балалары! Басқа сөзім жоқ», «Алла-ай, балаларының өз бастарына келсін, санасыздар!», «Қатындарының соңынан кеткен-ау, сүмелек ұлдары!», «Айуан ұл-қыздардың атын атап, түсін түстеп көрсету керек. Жекжат-жұрағаты танып, теріс айналуы үшін. Сонда жалғыздықтың дәмін татады. Басына түспейтіндей көрінетін шығар оларға. Қоғам дертін осылай қоғам боп емдеу керек» деп жатыр.

Тіпті, келесі бір пікір иесінің «Бір ата-ана он баланы баға алады, он бала жабылып, бір ата-ананы баға алмайды. Еее, «Бір кем дүние» деген сөзі жұрт көкірегіндегі ойды дөп басқандай.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір