05 Ақпан, 2020 Барлық аймақтар
видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан өзге ұлт өкілінің домбыраға құрметсіздік танытып, артынша еденге ұрып сындырғаны бейнеленген видео осыдан бір жарым жыл бұрын түсірілгені белгілі болды. Бұл туралы домбыраны сындырған азамат бейнеүндеу арқылы айтып, қазақ халқынан кешірім сұрады.
"Бұл – бір жарым жыл бұрын болған. Мен ол кезде не істеп, не қойғанымды білмейтін күйде едім. Жасаған қылығымды кейінірек видеодан көргенде бір-ақ түсіндім. Мен сол кезде кешірім сұрап, жасағаным үшін жауап бергенмін. Таяқ та жедім. Алайда әлдекім видеоны желіге қайтадан салып жіберіпті. Бұл жолы қарсылық тіптен өршіп кетті. Мен бұл әрекетім үшін ұяламын. Қазақ халқының атынан шын пейіліммен кешірім сұраймын. Кешірулеріңізді өтінемін" делінген бейнеүндеуде.
Бұған дейін Уайс Ерсайынұлы атты Facebook қолданушысы әлдекімнің домбыраны сындырып жатқаны бейнеленген видеоны жариялап, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаевтан видеодағы аазаматты қазақ ұлтының намысын қорлап, ұлттық араздықты қоздырғаны үшін Қылмыстық Кодекстің 174-бабымен қылмыстық жауапқа тартуды сұраған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір