• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:32:03
Алматы
+35°

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаев кеше түнде қайтыс болды. Деректерге сүйенсек, оның жүрегі кенеттен ұстап қалған. Бұл туралы Аkipress хабарлайды. 

Айдар Ақаев тірі болғанда екі аптадан кейін 44 жасқа толатын еді.

Семья Акаевых

Ақаевтың отбасында 4 бала бар. Олар: Бермет, Айдар, Саадат және Илим.

Мектепті тәмамдағаннан кейін ол Мәскеу мемлекеттік институты халықаралық қатынастар факультетіне оқуға тапсырады. Кейіннен Америкада оқып жүріп, сонда бірнеше оқу орындарына емтихан тапсырады. Нәтижесінде Мэриленд университетін таңдайды. Оны 1999 жылы бітіріп, халықаралық қаржы және менеджмент саласы бойынша маман атанады. 

Ақаевтың балалары үнемі бұқаралық ақпарат құралдарының назарында болды. Оның бірден-бір себебі Айдардың медиа саласында белсенді болуы. Сондай-ақ ол  түнгі клубтар мен мейрамханаларда жиі жүргендіктен қоғамда жиі талқыға түсті.

Екі әулеттің үйлену тойынан кейін Айдар елге таныла бастады. Яғни, 1998 жылы ол Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлияға үйленеді. Алайда бұл неке ұзаққа бармай, 2001 жылы ерлі-зайыптылар ажырасты.

Свадьба Айдара Акаева и Алии Назарбаевой

Кейіннен Айдар Ақаев екінші рет танымал тележүргізуші Сайкал Чокубаеваға үйленеді. 

Сайкал Чокубаева и Айдар Акаев

Айдар жеке бизнеспен айналысты. Бірақ БАҚ құралдары оның жасаған бизнес-жобаларын әкесінің арқасында жүргізіп отыр деп жорамалдады.

Ол 23 жасында «Казкоммерцбанк» ААҚ-ның Қырғызстандағы өкілдігін басқарды, ал 2001 жылы Қаржы министрінің кеңесшісі қызметін атқарды. Ол кезде бар болғаны 25 жаста еді. Кейіннен Нұрбек Тұрдықұловпен бірге "Bitel" мобильді компаниясының негізін қалады.

Бірде ол журналистердің ел басшысының балалары бизнеспен айналысқаны дұрыс па деген сұрағына былай деп жауап берді.

- Мен мұндай болмайды деген ТМД-ның бірде-бір елін білмеймін. Барлық жерде ел басшыларының туыстары қолдарынан келгенше бизнеспен айналысады. Бұл қалыпты құбылыс. Ал мұның ел экономикасына зияны тие ме, жоқ па, бұл басқа мәселе, - деді Ақаев. 

Депутаты Бермет Акаева и Айдар Акаев на заседании в Жогорку Кенеше. Март 2005 года

Сонымен бірге ол қоғамдық жұмыстармен айналысты. Айдар күтпеген жерден Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Ол елдің спорттық өмірінде елеулі із қалдыра алмады. 

2004 жылы Президент Асқар Ақаев балаларын үлкен саясатқа тарту туралы шешім қабылдады. Оны көпшілік мұрагер жоспарын жүзеге асыру саясаты болар деп түсінді. Бірақ Айдар Ақаевтың өзі саясатқа араласқысы келмейтінін айтты.

2005 жылғы парламент сайлауында «Алға, Қырғызстан!» партиясы алған дауысқа күмәнданушылардың наразылығы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Бұл, 2005 жылғы 24 наурыздағы оқиғалармен тұспа-тұс келеді. 

Осының нәтижесінде, Асқар Ақаев пен оның отбасы елден кетуге мәжбүр болды. 

Сөйтіп, Қырғызстанда биліктің алғашқы ауысуы басталды және жазалау шаралары бұрынғы тәртіпке түсті. 

Бас прокуратура Ақаевтармен кімнің және қалай байланысқанын біліп, оның бірнеше қылмыстық іске барғанын анықтады. Оның үстінен мемлекеттік қаражатты ұрлау, қаржылық алаяқтық және күш қолдану, басқа адамдардың мүлкін заңсыз пайдалану бойынша бірнеше қылмыстық істер қаралды.

Удостоверение депутата Жогорку Кенеша Айдара Акаева

Қырғызстаннан қашқаннан кейін оның есімі медиа саласында мүлдем аталмады. Кейіннен Ақаевтың Мәскеуде тұратыны белгілі болды.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір