• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:56:18
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2020 NEWS

"Ол осы проблемаға назар аударту үшін осылай істеді": төленбеген жалақы тамырын кесуге жеткізді

Павлодарда қарапайым жұмысшы жалақы төлемегені үшін тамырын кескен. Ол бұндай қадамға кәсіпорын басшылығының көз алдында барған.

Фото: bashinform.ru

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ол осы проблемаға назар аударту үшін осылай істеді, бірақ бұл - азаматтық-құқықтық қатынас. Біз оған мердігерлік келісімшартты жасаған азаматты сотқа беру жөнінде кеңес бердік, ол сотқа шағымдануы тиіс», - деп мәлім етті облыстық еңбек басқармасы.

Бұл мәселе жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеген. Оқиғаны тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша жүргізілуде.

Осы ретте, полицейлер аталған жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат берілмейтінін айтады.

Ал әкімшілік ресурс ретінде осы істі басты назарда ұстауы тиіс облыстық еңбек басқармасы әуелі сот кімнің, кімге, қанша ақша берешек екенін анықтауы керек дейді. Сонымен бірге, еңбек инспекциясы «Олимп-ПВЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отырғанын атап өткен.

«Мүмкін олар бұл мәселені бейбіт жолмен шешер. Шынымен де жалақыға ақша қарыз ба, қарыз болса, қанша деген сияқты мәселелерді талқылап, бір келісімге келуі мүмкін. Ол жағдайда тіпті сотқа берудің қажеті болмайды», - дейді еңбек басқармасындағылар.

Оқи отырыңыз: Енді жалақы бермейтіндерге айыппұл салынады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір