• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:14:04
Алматы
+35°

Қытайда 600-ден астам адам коронавирус құрбаны болды. Қытайда вирус жұқтырғандардың саны 28000-нан асқан. Бұл Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің бүгінгі мәліметтері, деп хабарлайды  Qamshy.kz  ақпарат агенттігі  almaty.tv   -ге сілтеме жасап.

Дүниежүзілік бұқаралық ақпарат құралдары бұл індетті алғашқылардың бірі болып ескерткен қытай дәрігерінің қайтыс болғаны туралы хабарлады. Қытай дәрігері Ли Вэнлянь вирустың таралғанын алғашқы болып ескерткен еді, алайда арада бір апта өткенде дәрігердің өзі қауіпті індетті жұқтырып алған.

34 жастағы дәрігер жеті адамның вирусты жұқтырып алғанын білгеннен кейін, өз достарын сақтандырмақшы болып, оларға алдын ала сақтық шараларын ескертеді. Дегенмен 12 қаңтар күні дәрігерде вирустың белгілері байқалады. Дәрігерден алынған сараптама нәтижесі 1 ақпан күні анықталып, коронавирусты жұқтырғанын көрсетеді.

Қазіргі таңда Қытайда  10 миллион адам карантин жарияланған аймақта. Сонымен қатар, Ұлыбритания, Ресей және АҚШ-ты қосқанда 20-дан астам елде вирустың таралғаны туралы мәлімет бар.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар тіркелмеген. Еліміз Қытаймен байланыстың барлық түрін тоқтатты, автостанциялар мен әуежайларда санитарлық бақылау күшейтілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл індетті жаһандық қауіп деп таныды және оны халықаралық деңгейде төтенше жағдай деп жариялады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір