• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:06:41
Алматы
+35°

Тұрғындар арасында жаппай төбелесті болды делінген Қордай ауданы Масачи ауылына баратын жолды полиция мен омандар жауып тұр. Масачиға 40 шақырымдай жердегі Қарасу ауылының кіреберісіне блок пост қойылған. Бұл туралы оқиға орнында жүрген Қамшы тілшісі хабарлады.

а

Ұялы байланыс нашар. Интернетке кіру мүмкіндігі жоқ.

Қарасу ауылының кіреберісінде 500-дей адам жүр. Олардың дені жастар. Арасында ересектер де бар. Олар полиция қызметкерлерінен Масачи ауылына баратын жолды ашуды талап етіп жатыр. 

Полиция Масачиға қарай адамдарды өткізбей жатқанымен, ол жақтан шығып жатқан көліктер көп. Қамшы тілшісі Қарасу ауылының кіреберісіне қойылған блок постан Қордайға қарай кемінде бес жедел жәрдем көлігі шыққанын көрген. Масачиға баратын жолды ашуды талап етіп отырған азаматтар жедел жәрдем көліктерінің жолын бөгеп, ішінде кімнің барын көрсетуін талап етті. Алайда оған полиция қызметкерлері мүмкіндік бермей, жедел жәрдем көлігін қалың адам нөпірінің арасынан шығарып жіберді.

Қамшы тілшісі Қарасу ауылындағы  полиция мен арнайы жасақ бөгетінен өтіп, Масаншы ауылына бара жатыр. Оқиға барысы алдағы уақытта хабарланады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Қордай ауданында дүнген ұлтының азаматтары "80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматурамен, балғамен ұрып, басын жарғаны" туралы ақпарат тараған. Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде полиция өкілдері мен азаматтар арасында қақтығыс болып жатқаны байқалды.

Оқиға туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев туиттерде "Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады" деп жазды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі "Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қақтығысты бастаушылар мен қатысушылар анықталуда. Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді және қауесеттер мен жалған хабарламаларды таратпауды сұрайды. Жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеміз" деген хабарлама таратты.

Мият Кәшібай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қазақ-дүнген жанжалы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір