• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 15:38:20
Алматы
+35°

Сидней Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері даңқты палуан Ислам Байрамуков Қордай ауданы тұрғындарын бірлік пен ынтымаққа шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ел болғаннан кейін мұндай жайттар болып тұрады. Бірақ, оны ақсақалдар алқасының араласуы арқылы, заңды түрде ғана жақсылықпен шешілуі тиіс деп есептеймін. Мұны тез арада шешу керек. Әйтпесе, біреудің мүлкін қиратып, үйін өртеп жіберу еш жақсылыққа апармайды. Еліміздің татулығын, бірлігін сақтау үшін күш салу қажет. Жас емеспіз, өмірден алған азды-көпті тәжірибеміз бар. Алла Тағала мейірімді, адам баласының барлық күнәсін кешіреді. Ал оның алдында біз кімбіз, бір-бірімізді кешіре алмайтындай? Қордай ауданы тұрғындарын бірлік пен ынтымаққа шақырамын», - деді ол агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Даңқты палуан Қордай ауданында орын алған жағдайға кінәлі адамдар заңды түрде жазалануы тиістігін баса айтты.

«Бүгінде еліміз спорттан болсын, саясаттан болсын әлемге танымал елге айналды. Бұл бағытта әлі де көптеген іс-шара атқарылып жатыр. Бірақ, мұндай келеңсіздікке жол бермеуіміз керек. Әрине, әр ұлттың намысы бар. Намысқа тиетін де жайттардың орын алатындығы жасырын емес. Бірақ, кінәлі адамды анықтап жазалау керек. Бұл мәселені жақсылықпен шешу қажет», - деді Ислам Байрамуков.

Бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болғанын хабарлаған болатынбыз. Көп өтпей Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір