• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:57:22
Алматы
+12°

Кеше, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданының бірнеше ауылында тұрғындар арасында жанжал болып, 8 адам қаза тапты. Жаппай төбелестің нақаты неден басталғаны әлі белгісіз.  Бірақ әлеуметтік желіде Қордай ауданындағы Масачи ауылында дүнген ұлтының азаматтары "80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматурамен, балғамен ұрып, басын жарғаны" туралы ақпарат айтылды. Кешеден бері Қордайдағы жанжал болған ауылдарда жүрген Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі 80 жастағы қарияның ұлынан сұхбат алды. 

Өзін Нұрлан Төлегенұлымын деп таныстырған Қаракемер (Масачи ауылына жақын орналасқан кілең қазақтар тұратын ауыл) ауылының тұрғыны жағдайдың қалай болғанын түсіндірді. 

– Менің әкем 78 жастағы мүгедек адам. 5 ақпанда сағат 11:00-де Сортөбе ауданының ауруханасына бару керек болған. Ағам екеуміз әкемді көлікпен ауруханаға апара жатқан едік. Масаншы мен Сортөбенің арасындағы жолдың бойында келе жатсақ, алдымыздан бір жігіт "тоқта, тоқта" деп жүгіріп шықты. Мен тоқтадым. Не болғанын сұрағанымда "соқырсың ба?" деп боқтап, ұрса бастады. Кейін көлігімнің мемлекеттік нөмірін теуіп, жерге түсіріп тастады. Кейін мен түсіп, әлгі жігітті итеріп, көлігімнің нөмірін жерден көтердім. Мені тағы біреуі келіп қылқындыра бастады. Сөйтсем мені қылқындырған жігіт әлгі жігіттің бауыры екен. Сосын мені ұрып-соға бастады. Осы кезде көліктен ағам шықты. Қасымызға тағы бір балға ұстаған адам келді. Жалпы 4 адам ағам екеумізге жабылды. Дүнгендер көбейіп кетті. Көліктен әкем түскен кезде бізді бірнеше дүнген ұстап тұрды да, біреуі барып әкемді тепті. Әкем демікпемен ауырады. Кейін мен әкемнің жанына жүгіріп бара жатқан кезде ағамның басын таспен ұрып жарды. Қасымыздағы дүнгендердің саны 10-нан асып кетті, –  деді Нұрлан Құдашбаев. 

Оның айтуынша, кейін оқиға орнына Сортөбе ауылдық округінің учаскелік полициясы Саят Сүлейменов келіп, төбелесті тоқтатқан. Артынша жедел жәрдем шақыртқан. Нұрлан Құдашбаевтың сөзінше, қазір әкесі Төлеген Құдашбаев пен ағасы Марлен Құдашбаев ауруханада жатыр. 78 жастағы қарияның жамбас сүйегі сынған. 

Ал полиция қызметкерлері 78 жастағы қария мен оның ұлдарын ұрып-соққан дүнгендерді 6 ақпанда қамап, кейін қайта жібере салған. 

– Бізді жабылып ұрған дүнгендер сол күні қамауға алынған жоқ. Тек келесі күні ғана біреуін қамады. Оның өзі құжаты бойынша "психикалық ауытқушылығы бар" дүнген екен. Полицейлер маған "сендерді тек осы дүнген ғана соққыға жыққан. Өзі каратист. Жынды деген қағазы бар" деді. 6 ақпан күні аудандық ішкі істер бөліміне барған кезде дүнгеннің адвокатын көрдім. Қазақ әйел екен. Ол маған "мен бұлардан бөлек басқа да дүнгендерді қорғап, шығарып алғанмын. Бұны да босатып аламын. Қазақтар сендердікі дұрыс емес" деп айтты. Адвокаттың аты-жөнін білмеймін. Сол күні түнгі бірге дейін полция бөлімшесінде болдым. Біраз сұрақтар қойды. Әлгі дүнгенді босатып жіберіпті. Ертесі күні  таңертең аудандық ішкі істер бөліміне барып, дүнген жігіттің қайда екенін сұрасам, сол жердегілер "білмеймін" деп қысқа қайырды, –  дейді Нұрлан Төлегенұлы.   

Мият Кәшібай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір