08 Ақпан, 2020 NEWS
Ашық дереккөз
Қамшы тілшісімен сөйлескен Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракеме ауылының тұрғын Нұрлан Құдашбаев Масанчи ауылында тұратын этникалық дүнгендер бірнеше жыл бұрын Қазақстан туын өртегенін айтты.
– Бірнеше жыл бұрын Масаншыда біздің туды өртеді. Бүгінге дейін оларға ешқандай жаза қолданбады. Осылай сөйлеп, айтқан адамды қамап тастайды. Ал дүнгендер емін-еркін жүреді. Олардың бәрінде "жынды" деген бір-бір қағаз бар. Сонымен бірге ажырасқан деген анықтамасы бола тұра отбасымен бірге тұрады. Дүнген әйелдері жалғызбасты анамын деп ақша алады. Әрқайсысының екі азаматтығы бар. Қырғызстандық және қазақстандық төлқұжаттары бар, – дейді Қаракемер ауылының тұрғыны.
Ал дүнгендер оқитын мектепте сабақ беремін деген әйел адам олардың қазақ тілін менсінбейтінін айтты.
– Оларға сабақ беремін. Дүнгендер "бізге өз тіліміз бен математикадан басқа ештеңе керек емес" дейді. Тіпті, қазақ тілі сабағына да қатыспайды. Менсінбейді, – дейді атын атамауды өтінген мұғалім.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір