• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:55:39
Алматы
+12°

8 ақпан күні түстен кейін Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылына облыс басшысы Асқар Мырзахметов келді.

Қаракемер –  кеше дүнгендер мен қазақтар арасында жанжал болған ауылдардың бірі – Масанчиге жақын орналасқан елдімекен. Онда негізінен этникалық қазақтар тұрады. Қаракемер мен Масачиді көпір ғана бөліп тұр. Қазіргі кезде көпірді арнайы жасақ өкілдері жауып, кешегі жанжал кезінде ұсталған азаматтарды бостуды талап етіп тұрған Қаракемер ауылының тұрғындарын ауылдан шығармай тұр. 

Жиналғандарға қамалғандардың босатылғанын айтқан Мырзахметов олардан тарауын сұрады. Облыс әкімі оларға "Уәде беремін. Бірі бостылды. Ешкім қамалмайды" деді. Алайда тұрғындар "қамалғандардың босатылғанын көзбен көрмей қайтпаймыз" деп тұр. Жиналғандар тіпті сол жерде қазан көтеріп, ас әзірлеп, қамалғандарды ақырына дейін тосуға ниетті.

Мырзахметов ауыл тұрғындарына келген кезде видеоға түсіре бастаған журналситерге оның қасында жүрген Жамбыл облысы әкімнің баспасөз қызметі мен Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы барлық құрылғыларын сөндіріп қоюды талап етіп, камераға түсіруге, диктафонға жазуға қатаң тыйым салды. Олар "Қазір халықпен сөйлесіп алсын. БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат береді" деді.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қаракемер қордай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір