• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:29:14
Алматы
+35°

Фото: ашық ақпарат көздерінен

Жамбыл облысы Қордай ауданында қазақ пен дүнген ұлты өкілдерінің арасындағы қақтығыс туралы ресми ақпаратта екі тарап арасындағы жаyжалдың "арандатушылық" сипаты бары хабарланды. Осыған байланысты қоғам белсенділері түрлі пікір білдіруде.

Солардың қатарында белгілі журналист, ақын Талғат Ешенұлы  facebook парақшасында өз ойын жеткізген.  

"Арандатпайық" деген сөз ұлттың мойнындағы бұғауға, қолындағы кісенге айналды. 

Қазақты өздері арандатпаса, қазақ ешкімді арандатқан емес!.. Қазақты өздері арандатпаса, қазақ ешкімді арандатқан емес!..

Этномазохизм

«Бостандық!» десең,
Айтары:
«Арандатпайық!»
«Аш қалдық!» десең,
Айтары:
«Арандатпайық!»

«Жер берсін!» десең,
Айтары:
«Арандатпайық!»
«Ел келсін!» десең,
Айтары:
«Арандатпайық!»

«Тіл өлді!» десең,
Айтары:
«Арандатпайық!»
Кім өлді десең де,
Айтары:
«Арандатпайық!»

«Арандатпайық!» деп жүріп, арам қатпайық!.." деп жазылған журналист жазбасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір