• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 08:57:38
Алматы
+35°

Бердібек Сапарбаев облыс әкімі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейінгі сәтте жеткізді:

– Оны шешетін мемлекет басшысы. Мемлекет басшысы осындай шешім қабылдағаннан кейін мен оны орындауға міндеттімін. Кезінде министр болсам, қазір әкім ретінде Жамбыл облысында орын алған оқиға салдарын тезірек жоюға қатысты жұмыс істейміз, – деді Бердібек Сапарбаев.

Осылайша, мемлекет басшысы "тағдырын" шешкен Бердібек Мәшбекұлы Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалумен бірге Қордай ауданында болған жағдайға байланысты құрылған комиссияның төрағасы болып та қала бермек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір