12 Ақпан, 2020 NEWS

Коронавирустан көз жұмғандар саны 1113-тен асты

rbc.ru

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1113-тен асты, бір тәулік ішінде 97 адам көз жұмған. Бұл туралы Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы хабарлады.

Қауіпті індеттен қайтыс болып жатқан адамдар саны күннен-күнге көбейіп жатыр. Қазіргі таңда вирусты жұқтырғандар 44 643 адамға жетті. Бірақ вирусты жұқтыру оқиғасының азайғанына 2 күн болды. Өткен тәулікте 2015 жаңа жағдай тіркелген.

 

Женевада өткен конференцияда ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус әлем елдерін "ірі қауіпке" төтеп беруге шақырды. Оның айтуынша, вирустар "адамдарды қыру жағынан кез келген содырдан асып түседі.

Ұйым басшысы Қытай ғана емес, өзге елдерге де қауіп төніп тұрғанын атап айтты.

 

Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір