Қоғамда зор дүмпу тудырған «Масаншы» оқиғасы біраз шенеуніктің тағдырын шешті. Ауыс-түйіс те әлі аяқталмаған сыңайлы

Айталық, осыған дейін облыс басшысы Асқар Мырзахметов пен полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев қызметтерінен кетсе, енді Жамбыл облысының прокуроры Жарқын Құсайынов та осы тізімге қосылды.

Сөйтіп, мемлекет басшысының келісімі негізінде ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров тағайындалды.

Ал, осыған дейін Жамбыл облысы прокуроры лауазымын атқарған Ж.Қ. Құсайынов Бас прокуратураның қарамағына ауысты.

Н. Әбдіров 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
 
Прокуратура органдарында қызметін 1991 жылы бастаған.
 
Бас прокуратураның үш департаментін басқарған.
 
Нүр-Сұлтан, Алматы, Оңтүстік-Шығыс өңірлік көлік прокурорларының бірінші орынбасары қызметін атқарған, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы прокуратураларына басшылық еткен.
 
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 28 жылдан асқан.
 
 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір