13 Ақпан, 2020 NEWS

Қазақстанның сыбайлас-жемқорлық жайлаған аймақтары аталды

qasym.kz

Елде сыбайлас жемқорлық жайлаған әкімдіктер аталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті хабарлайды. 

– Әкімдік қызметкерлері және құрылымдық бөлімдер арасында сыбайлас-жемқорлық жайлаған бірқатар қылмыстық аймақтар анықталды:

  • Оңтүстік Қазақстан облысында – 37;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 37;
  • Жамбыл облысында – 30;
  • Ақмола облысында – 19;
  • Алматы және Қостанай облысында –15;
  • Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында –14, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу департаментінің басшысы Анар Жарова Нұр-Сұлтандағы брифингте айтты.  

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмыстары білім беру саласында – 54, жер қатынастары саласында – 29, ауыл шаруашылығы саласында – 27, сәулет және құрылыс саласында – 25, ТКШ саласында – 19 жұмыс істейді.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері барлық әкімдіктерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұсынды.

Ілмек сөздер: сыбайлас жемқорлық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір