• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:36:42
Алматы
+35°

Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, парламент сенатының қазіргі спикері Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік желіде жазғандарына қатысты пікір білдірді.

Хабар аранасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында Абаев Айсұлтан Назарбаевтың біраздан бері "психикалық аурумен ауырып жүргенін" айтты. Оның сөзінше, Айсұлтан Назарбаев айтқан ақпараттар шындыққа жанаспайды. 

"Бұл мәселе бойынша ағайынға айтқым келеді. Қазір жалпы біздің қоғамда ғана емес, әлем бойынша да өтірік пен шын ақпаратты ажырату – үлкен мәселе болып тұр. Кейбір топтар жалған ақпарат таратып, үлкен компаниялардың, жеке адамдардың, тіпті бүтін бір елдің абыройына нұқсан келтіріп жүргенін көріп жүрміз. Бірақ мұның артында жымысқы ой, пайда көру ниеті тұрады және мұндай мысалдар соңғы уақытта біздің елде де көбейіп келеді. Мұның соңы арандап қалуға әкелуі мүмкін. Айсұлтанға қатысты да осыны айтқым келеді. Бұл – бірінші кезекте оның анасының трагедиясы. Ана үшін баласынан асқан қандай қымбат нәрсе болуы мүмкін? Кейбіреулер осы оқиғаға елбасын да араластырғысы келеді. Шу жасап, елді дүрліктіруге тырысады. Бірақ халықтың бағына туған жақсымызды қаңқу сөзге қалай қиямыз? Өзіңіз ойлаңызшы, экономикасы құлдыраған, жоқ боп кеткен, өндірісі тоқтаған елді 30 жылда қазіргідей деңгейге көтеру кімнің қолынан келеді? Қазақ қашанда ел үшін туған ерлерді бағалаған, төбесіне көтерген, абыройын сақтаған. Бабалар айтқандай, "Бетеге кетсе – бел қалар, берекең кетсе – нең қалар?". Ағайын, сондықтан берекемізді бағалайық. Жел сөзге еріп жақсы істі жоққа шығармайық, – деді Абаев.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Айсұлтан Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір