• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:25:44
Алматы
+35°

Ақтөбедегі террорлық актіге қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Асхат Иманғалиев өз-өзіне қол жұмсаған. Ол Арқалық қаласының маңындағы жабық түрмеде жазасын өтеп жатқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады, деп жазады Азаттық.

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасы міндетін атқарушы Тенизжан Жәнібеков құзырлы органдардың сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатқанын жеткізді. Ол тергеу амалдарының барысы құпия болғандықтан, мәлімет беруден бас тартты.

Асхат Иманғалиев 1986 жылы Ақтөбе облыс, Қобда ауылында дүниеге келген. Түрмеге түскенге дейін Ақтөбедегі сауда орталықтарының бірінде ұялы телефон сатумен айналысқан. Тергеу мәліметінше, ол Паллада қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге қарулы шабуыл жасағандардың құрамында болған.

2016 жылғы 5 маусымда Ақтөбеде қару-жарақ сататын дүкен мен әскери бөлімге бір топ азаматтың қарулы шабуылы салдарынан төрт жергілікті тұрғын мен үш әскери қызметкер қаза тапты. Арнайы операция нәтижесінде 20 шақты адам ұсталып, террорлық шабуылға қатысқан 18 адам қатаң жазаға тартылды.

2016 жылғы 28 қарашада Ақтөбедегі сот террористік шабуылға қатысқан 29 адамға үкім шығарды. Жеті адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қалған айыпталушыларға екі жылдан 22 жылға дейін бас бостандығынан айыпу жазасы тағайындалды. Бір адам террорлық топ туралы мәліметті жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: терроризм

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір