• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:47:31
Алматы
+35°

2 ақпанда Уханьдан эвакуацияланған қазақстандықтар карантиннен босатылды. Бұл туралы Tengrinews хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы көпсалалы медициналық орталық директоры Мұхтар Төлеутаевтың айтуынша, ауруханадан 89 адам шығарылған.

– Мұнда қазақстандық 83 адам, Беларусьтен – 5 азамат, Армениядан келген 1 қыз бала бар. Яғни, бұл 2 ақпанда келген эвакуацияланғандардың алғашқы тобы. Олардың жағдайы қазіргі таңда қанағаттанарлық, температурасы қалыпты, ешкімде коронавирустың белгілері жоқ,  – деді дәрігер.

Аурухана 40-шы станциядан алты шақырым жерде орналасқандықтан, науқастар үш маршрут бойынша тасымалданыпп жатыр: әуежай, теміржол вокзалы және қала. Мұнда Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан студенттері оқиды.

– Айтарлықтай қиындықтар болған жоқ, бірақ әрине, жігіттерге 14 күн бойы жабық жерде болу қиынға соқты. Бірақ палаталарда барлық жағдай жасалған. Яғни, олар толықтай медициналық бақылауда болды. Сонымен қатар психологтар барлық балалармен жеке жұмыс жасады, – деп атап өтті Төлеутаев.

Уханнан эвакуацияланған Армения азаматы қыркүйек айынан бастап Қытайда магистратурада оқып, тіл үйреніп жүргенін айтып, қазіргі таңда жағдайы жақсы екенін жеткізді.

– Мұнда бәрі жақсы болды, тіпті біз медбикелермен де достасып кеттік. Бастапқыда қиын болды, барлығы алаңдады. Осында 2 апта болдық, 2 апта бойы ешқайда шықпадық. Негізі Ухан қаласы айтарлықтай қорқынышты емес. Көшеде адам өлімі болатындай жағдай болмады. Бірақ қалада адамдар үйлерінен шықпай, медициналық маска киіп сақтанды. Бұл жерде біз карантинде жатқандықтан, медбикелер тек сабырмен күтуді сұрады. Оқумызды онлайн режімде оқыдық. Қала және университетІміз өте жақсы, –деді университет студенті.

Еске сала кетейік, ақпанның 2-нан бастап қазақстандықтардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл медициналық көмек ұлттық үйлестіру орталығы 83 адамды Қазақстанға жеткізді, олардың 80-і Қытайдың Ухань қаласында болды.  Тексерістен өтіп, елге оралған студенттер 14 күндік карантинге елорданың көп салалы ауруханасының арнайы бөлінген инфекцияға қарсы ғимаратына орналастырылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір