• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
29 Наурыз, 11:53:41
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

17 Ақпан, 2020 NEWS

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды

тенгринюсь

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы  премьер-министрдің баспасөз қызметі  хабарлады.

"Үкіметтің қаулысымен Жылқыбаев Ержан Жұматұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды" делінген хабарламада.

Ержан Жұматұлы 1982 жылы 17 желтоқсанда Түркістан облысы, Ленгір қаласында дүниеге келген.

Ол, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) экономика департаментінің бас маманы лауазымынан бастады.

2006-2007 жылдары үкіметтің парламенттегі өкілдігінің бас сарапшысы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім бастығы болып жұмыс істеді.  Сол жылы ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі қызметтерін атқарып, 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

Кейін 2009 жылы Жылқыбаев Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды, содан кейін 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратын басқарды.

2014-2016 жылдары президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2016-2019 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

2019 жылғы 26 наурыздан бастап 29 сәуірге дейін — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2019 жылғы сәуірден қазіргі таңға дейін — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір