• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:51:58
Алматы
+35°

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев

17 ақпан күні Түркістан облыстық соты ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың Қазығұрт тұрғыны Зүлфия Төребекованың үстінен түсірген аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

2019 жылдың жаз айында министр Дәурен Абаев Зүлфия Төребекованың үстінен "жала жапты" деген айыппен сотқа шағым түсірген. Алайда айыпталушы өз тарапына жаққан күйені растамаған.  

Былтырғы жылдың тамыз айында өткен Қазығұрт аудандық сотында Төребекова "жала жабу" бабы бойынша ақталып шыққан.  Бұған келіспеген Абаевтың өкілдері қайтадан аппеляциялық шағым түсірген. Облыстық сот шешімді аудандық соттың еншісіне қалдырып, Абаевтың шағымын қанағаттандырмады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. 

Айыпталушының мәліметінше, былтырғы жылдың қаңтар айында өзінің facebook парақшасына "ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коррупционер!" деп жазған. Бұны көрген Абаев: ар-намысыма дақ түсірді, беделіме нұқсан келтірді, деп Төребекованы сотқа берген. 

Сот процесстері министрдің қатысуынсыз өткен. Сонымен қатар Абаевтің адвокаты министрдің рұқсатынсыз облыстық сотқа ешқандай пікір бере алмайтынын жеткізді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дәурен Абаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір